10
Маусым
2018

Орталықтың қызметі 2018 жылы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №793 қаулысына сәйкес уәкілетті органынның өзгеруімен байланысты 2018 жылдан бастап орталықтың атауы ҚР «ДБАО» РММ болып ауыстырылды. Қазіргі таңда Орталықта мемлекеттік қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыруға бағытталған «Мемлекеттік құпияларды қорғау» және «Ақпаратты техникалық қорғау» курстары өткізіледі. 75 тыңдаушыға арнап дәрістік және практикалық сабақтар қатар жүргізілетін есептік техникалық құралдармен жабдықталған екі оқу аудитория бар.

 

 

Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпаратты техникалық қорғау саласында мамандарды оқыту курстары:

 

 

МҚҚ бойынша даярлау курстары (екі апталық) – 120 академиялық сағатқа дейін;

 

 

МҚҚ бойынша біліктілігін арттыру курстары (он күндік) – 80 академиялық сағатқа дейін;

 

 

АТҚ бойынша біліктілігін арттыру курстары (апталық) – 56 академиялық сағатқа дейін.

 

 

Орталықтың құрылған кезінен бастап 2003 жыл мен қазіргі уақыт аралығында 7000-нан астам мемлекеттік қызметкер өздерінің біліктілігін арттырды, бұл Орталық басшыларының, ұжымы мен профессорлық-оқытушылар құрамының тікелей еңбектері.

 

 

Орталықтың жұмысы алға қойған тапсырмаларды орындауға, оқыту сапасын және мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпаратты техникалық қорғау салаларында жұмыс істейтін ҚР мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мамандарын даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін жақсарту үшін тиісті шараларды қолдануға бағытталған.

Categories: Жаналықтар

      2050 long     b akorda b govb e.govexpo