10
Маусым
2018

Семинар - жиналыс

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  «Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы» РММ оқу процесін арығарай жетілдіру, мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы мамандарды оқытудың жаңа әдістемелері мен формаларын енгізуді және басқа да өзекті мәселелерді қарастыру мақсатында 2017 жылдың 13 желтоқсанында семинар – кеңес ұйымдастырып өткізді.

Семинар-кеңеске ҚР орталық мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшелерінің өкілетті қызметкерлері мен басшылары және Орталықтың штаттан тыс профессорлық оқытушылар құрамы қатысты, олар мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы күрделі мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылады, сонымен қатар «Мемлекеттік құпияларды қорғау» және «Ақпаратты техникалық қорғау» сұрақтарын реттейтін нормативтік құқықтық актілер бойынша мәселелерді сипаттап берді.

Жекелеп алынған мемлекеттік органдардың өкілдерімен оқу процесін арығарай жетілдіру жөнінде тиісті кеңестер мен ұсыныстар берілді.

2017 оқу жылының қорытындысы бойынша оқытушылар қатары Орталық басшысының алғыс хатымен марапатталды.

Categories: Жаналықтар

      2050 long     b akorda b govb e.govexpo