• 20180511 VAD4833
  • 20180511 VAD4860
  • 20180511 VAD4888
  • 20180512 VAD4888

10
Маусым
2018

2017 оқу жылының нәтижелері

Орталықтың бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес 2017 оқу жылына арналған «Мемлекеттік құпияларды қорғау» және «Ақпаратты техникалық қорғау» курстары аяқталды.

10
Маусым
2018

«Ақпаратты техникалық қорғау» жаңа курсы ашылды.

2017 жылы ҚР Президентінің 2016 жылғы 6 қазанындағы №350 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өкілеттігін Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне берумен байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының өкімімен «Ақпараттық қауіпсіздік» курсының негізінде «Ақпаратты техникалық қорғау» курсы құрылды.

10
Маусым
2018

Көшпелі оқу курсы

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің хатына сәйкес 2017 жылдың 10-19 тамызы аралығында Орталықпен мемлекеттік құпияларды қорғау саласы бойынша көшпелі оқу курсы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің МҚҚБ 30 қызметкері үшін Шымкент қаласында ұйымдастырылып өткізілді.

10
Маусым
2018

Орталықтың 15 жылдық мерейтойы

2018 жылдың мамыр айында Орталық өзінің 15 жылдық мерейтойын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінің «Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және біліктілігін арттыру орталығы»  ММ Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 435 қаулысымен мемлекеттік мекеме құрылды.

10
Маусым
2018

Орталықтың қызметі 2018 жылы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №793 қаулысына сәйкес уәкілетті органынның өзгеруімен байланысты 2018 жылдан бастап орталықтың атауы ҚР «ДБАО» РММ болып ауыстырылды. Қазіргі таңда Орталықта мемлекеттік қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыруға бағытталған «Мемлекеттік құпияларды қорғау» және «Ақпаратты техникалық қорғау» курстары өткізіледі. 75 тыңдаушыға арнап дәрістік және практикалық сабақтар қатар жүргізілетін есептік техникалық құралдармен жабдықталған екі оқу аудитория бар.

10
Маусым
2018

Семинар - жиналыс

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  «Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы» РММ оқу процесін арығарай жетілдіру, мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы мамандарды оқытудың жаңа әдістемелері мен формаларын енгізуді және басқа да өзекті мәселелерді қарастыру мақсатында 2017 жылдың 13 желтоқсанында семинар –кеңес ұйымдастырып өткізді.

ОРТАЛЫҚТЫН БАСШЫСЫ

D8202

ҚАРЫМСАҚОВ
ҚАНАТ СЕРІКҰЛЫ

Сұрақ қою

      2050 long     b akorda b govb e.govexpo